Құқық қорғау органдары академиясының авторлық ұжымы (авторлары: Е.Н. Бегалиев, А.Б. Тұрсынов және Ш.Ш. Шаяхметов) Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп «Үйдегі баланың қауіпсіздігі» тақырыбында әлеуметтік маңызды эксперимент өткізді.
Басты мақсаты-ата-анасының қатысуынсыз үйде тұрған балалардың мінез-құлқын зерттеу, үлкендерге баланы ықтимал қауіпті жағдайларға дайындауға көмектесу.
Зерттеу авторлары көптеген анықтаушы факторлар бойынша балалардың мінез-құлқын талдап, олардың бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау реакцияларын салыстырды.
Бөтен адамдардың тұрғын үйге енуіне ықпал ететін мүмкін факторларды анықтады.
Пәтерлер мен үйлердің қорғалу деңгейіне баға берілді. Ата-аналар эксперимент қорытындысын алғаннан кейін олардың реакциялары мен әрекеттерін зерттеді.
Әлеуметтік эксперимент нәтижелері бойынша авторлар аудиовизуалды бағдарлама және ата-аналарға балалардың бейтаныс адамдармен қарым-қатынасы кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы жадынама жасады.
Авторлар ҚР Әділет министрлігінің «Зияткерлік меншік құқығы ұлттық институты» РМК авторлық құқық объектісін тіркеу бойынша куәлік алды.