Соңғы лауазымы: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары
Туған жылы: 20.12.1962
Туған жері: ҚазССР; Шымкент қаласы
Отбасы жағдайы, туыстық байланыстар:
- Әйелі: Білісбекова Шолпан Нұрқадырқызы
- Балалары: қыздары-Алтынай, Жамиля; ұлдары-Айбек, Нұрбек
Тілдерді білуі:
- Қазақ, орыс, ағылшын
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
Қазақ химия-технологиялық институты (1985), Инженер-механик
КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жоғары курстары (Минск, 1989-1991)
Қазақ гуманитарлық заң университеті (2005), Біліктілігі «заңгер», мамандығы « Құқықтану»
Еңбек өтілі:
- КСРО сауда министрлігінің «КазНИИгипроторг» институтының инженері (1985-1988));
- Қазақстан Жастар Ленин Коммунистік Одағының Кеңес аудандық комитетінің хатшысы (1988-1989);
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкері (1991-2000);
- Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы (2000-2001);
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Экономикалық қауіпсіздік департаменті бастығының бірінші орынбасары, бастығы (06.2001-11.2007);
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (28.11.2007 ж.);
- Алматы қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті бастығының міндетін атқарушы (11.2009-12.2009 ж.);
- Алматы қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент бастығы (01.2010-03.2013);
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (03.2013 ж. бастап)
Мемлекеттік және халықаралық наградалар, сыйлықтар, құрметті атақтар:
- 2-дәрежелі «Даңқ» ордені (2008);
- 2 медаль;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Құрметті қызметкері; Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының «Құрметті профессоры»
Әскери қызмет, әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер:
- Генерал-майор (04.05.2006);
- Ұлттық қауіпсіздік Генерал-лейтенанты (03.05.2018)