Заң үстемдігін нығайту, адам құқықтарын қорғау және трансұлттық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл Tashkent Law Enforcement Forum – 2026 халықаралық ғылыми-практикалық форумының негізгі тақырыптары болды. Оның жұмысына Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының делегациясы қатысты.
«Заңдылық пен құқықтық тәртіпті қорғау: заманауи сын-қатерлер мен жаңа шешімдер» тақырыбындағы Ташкент құқық қорғау форумы 26-27 қарашада Ташкент және Самарқанд қалаларында өтіп, 30 елден 100-ден астам шетелдік маманның басын қосты.
Талқылау барысында прокурорлық қызметті жетілдіру, қылмыстарды тергеп-тексеруде инновациялық технологияларды қолдану, киберқылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелеріне баса назар аударылды.
Академия проректоры Руслан Әлкенев киберқылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы мамандарды даярлаудың қазақстандық тәжірибесін таныстырды. Атап айтқанда, кибертергеушілер мен киберпрокурорларды көпдеңгейлі даярлау, цифрлық криминалистиканы меңгеру, жасанды интеллектіні қолдану және киберполигонда кәсіби дағдыларды пысықтау мәселелеріне тоқталды.
Ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында қазақстандық тарап ведомстволық жоғары оқу орындары арасында практикалық оқыту әдістемелерімен алмасуды жолға қоюды, жоғары оқу орындарының ортақ білім беру кеңістігінде цифрлық симуляторлар мен ойын технологияларын енгізу мүмкіндігін қарастыруды, сондай-ақ прокуратура органдарының ведомстволық білім беру ұйымдарының жыл сайынғы кездесулерін өткізуді ұсынды.
Форум Самарқанд қаласында тақырыптық сессиялардың нәтижелері мен халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларына арналған қорытынды дөңгелек үстелмен аяқталды.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz



