Қылмыстық құқықтың өзекті мәселелері және жеке басты анықтау кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану 2026 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында сәтті қорғалған докторлық диссертациялардың тақырыптарына арқау болды.
Жанар Түкенова 8D12301 «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы бойынша «Қылмыстық құқықта зиян келтіру тәуекелін қабылдау (келісім)» тақырыбындағы диссертациясын қорғады.
Айтолқын Досжанованың зерттеуі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы жеке басты анықтаудың тұжырымдамалық негіздеріне арналды. Ғылыми жұмыс 8D04201 «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша орындалды.
Ресми рецензенттер мен ғылыми консультанттар ретінде Академияның, ІІМ ведомстволық оқу орындарының, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің және Нью-Йорк қалалық университетінің Джон Джей атындағы Қылмыстық сот төрелігі колледжінің өкілдері қатысты.
Ұсынылған зерттеулер Академияның ғылыми қызметінің практикалық бағыттылығын және құқық қолдану саласындағы заманауи мәселелерді зерделеудің өзектілігін көрсетті.
Диссертацияларды қорғау қорытындысы бойынша Жанар Түкенова мен Айтолқын Досжановаға философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz



