Бас Прокурор Берік Асылов «Қазіргі құқықтық жүйедегі «Заң мен Тәртіп» конституциялық қағидаты: сын-қатерлер, инновациялар мен шешімдер» аттыхалықаралық ғылыми-практикалық конференцияны ашты.
Конференцияға қатысушыларға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев, Жоғары Сот Кеңесініңтөрағасы Дмитрий Малахов, Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы ЖанатЭлиманов, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілініңорынбасары Сухроб Ходжиматов, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисініңбасшысы Алексей Рогов және БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасыныңөңірлік өкілі Оливер Штольпе құттықтау сөз сөйледі.
Қатысушылар қатарында Қауіпсіздік Кеңесінің өкілдері, Құрылтайдепутаттары, Ғылым және жоғары білім министрі, Қазақстан РеспубликасындағыАдам құқықтары жөніндегі уәкіл, Ресей Федерациясы Прокуратура университетініңректоры, Түркия Әділет академиясының президенті, сондай-ақ сот жүйесінің, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдар мен шетелдік білім беру мекемелерінің өкілдері, еліміздің құқық қорғау және өзге де жоғары оқуорындарының ректорлары, жетекші заңгер-ғалымдар бар.
Конференцияның мақсаты — халықаралық тәжірибе алмасу, заңнама мен құқыққолдану практикасын жетілдіру, заманауи сын-қатерлер жағдайында құқықтықтәртіпті нығайту жөнінде практикалық ұсынымдар әзірлеу.
Пленарлық отырысты аша отырып, Берік Асылов жаңа Конституцияныңқабылдануы еліміздің одан әрі дамуына, мемлекеттілікті нығайтуға, азаматтардыңқұқықтарын қорғауға және құқықтық жүйені жетілдіруге жаңа мүмкіндіктерашқанын атап өтті.
«Заң мен Тәртіп» идеологиясы Конституцияның преамбуласында және негізгіқағидаттарында бекітілген. Ол мемлекеттік органдар тарапынан заңдылықтынығайту мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ғана емес, әрбір азаматтыңқұқықтық санасын арттыруды және құқықтық тәртіпті сақтаудағы жауапкершілігінкүшейтуді де көздейді. Бұл идеологияны ілгерілетуде прокуратура органдарымаңызды рөл атқарады. Барлық құқық қорғау және осы бағытқа мүдделі өзге де мемлекеттік органдардың күш-жігерін біріктіру — жұмыстың табысты болуыныңкепілі.
Аталған қағидатты іске асыру лауазымды адамдар тарапынан жасалған құқықбұзушылықтарды қоса алғанда, заңға қайшы әрекеттердің кез келген көрінісіндәйекті әрі ымырасыз түрде тыю арқылы қамтамасыз етіледі. Заң баршаға ортақ, ал жауаптылықтың бұлтартпастығы қағидаты атқаратын лауазымы мен қоғамдағыжағдайына қарамастан барлығына бірдей қолданылады.
Сонымен қатар ол Мемлекет басшысының жуырдағы Қазақстан халқынаЖолдауында цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні енгізубасымдықтарын стратегиялық міндеттер ретінде белгілегенін атап өтті. Сондықтанбіз заманауи технологияларға, талдамалық жүйелерге және тәуекелдерді болжауғабасымдық беруіміз қажет.
Конференцияда прокуратура органдары мен отандық компаниялардың IT-өнімдері таныстырылды. Оларды енгізу нәтижесінде арнайы прокурорлар биылшетелдік юрисдикциялардағы жалпы сомасы 20 млн АҚШ долларын құрайтынактивтердің орналасқан жерін анықтап, олардың едәуір бөлігі криптовалюта түріндеболғанын анықтады. Нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал өтелді.
Конференция барысында әртүрлі елдердің құқық қорғау органдарыарасындағы бірлескен жұмыс, ақпарат алмасу және күш-жігерді үйлестіру тетіктеріталқыланды. Осы бағыттағы ынтымақтастықты дамыту Құқық қорғау органдарыакадемиясы мен Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардыңпрекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы (ОАӨАҮО) арасында Өзара түсіністіктуралы келісімге қол қою арқылы бекітілді.
Конференция аясында Құқық қорғау органдары академиясы мен Еуропалықжария құқық ұйымы (EPLO), сондай-ақ Академия мен Қазақстан РеспубликасыЖоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы арасында ынтымақтастықтуралы келісімдерге қол қойылды.