Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында прокуратура органдарының құрылғанына 35 жыл толуына орай «Заңға адал – елге қорған» атты зияткерлік-практикалық викторина ұйымдастырылды.
Сайыс барысында курсанттардың сегіз командасы жасанды интеллект саласындағы білімдері мен заманауи цифрлық құралдарды қолдану дағдыларын көрсетті.
Қатысушылар кәсіби міндеттерді орындау үшін жасанды интеллектіні қолдануға арналған өз шешімдерін ұсынды. Жұмыстарды бағалау кезінде ұсыныстардың практикалық маңызы, оларды прокуратура органдарының қызметінде қолдану мүмкіндігі, сондай-ақ заңдылық, объективтілік және ақпараттық қауіпсіздік қағидаттарының сақталуы ескерілді.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Жекелеген командалар инновациялық идеялары, жобалық шешімдерінің сапасы, шығармашылық көзқарасы және командалық жұмысы үшін арнайы номинациялар бойынша марапатталды.
Викторина курсанттардың цифрлық дағдыларын дамытуға және құқық қорғау қызметінде жасанды интеллектіні қолданудың жаңа тәсілдерін іздестіруге бағытталды.







