Ақмола облысы Тайтөбе ауылындағы жалпы білім беретін мектепте буллингтің алдын алу және кәмелетке толмағандарды дропперлік схемаларға тартуға жол бермеу мәселелеріне арналған профилактикалық сабақ өтті.
Кездесуді Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының бірінші курс магистранттары Аяжан Назарбаева мен Ақжарқын Расул «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында ұйымдастырды.
Интерактивті форматта оқушыларға дропперлік схемаларға тарту тәсілдері, қаржылық алаяқтық түрлері және осындай әрекеттерге қатысудың ықтимал құқықтық салдары түсіндірілді. Сонымен қатар буллинг мәселесіне, оның психологиялық зардаптарына және құқыққа қайшы әрекеттер үшін көзделген жауаптылыққа ерекше назар аударылды.
Тақырыпты бекіту мақсатында практикалық тапсырмалар, көрнекі презентациялар мен тақырыптық бейнероликтер қолданылды. Оқушылар цифрлық ортада қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидалары, сондай-ақ буллингке немесе психологиялық және физикалық қысымға тап болған жағдайда әрекет ету жолдары бойынша ұсынымдар алды.
Кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, жауапты мінез-құлық қалыптастыруға және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz
