Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Еуропа Кеңесінің өкілдерімен HELP білім беру бағдарламасы аясындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне арналған кездесу өтті.
Бағдарлама судьялардың, прокурорлардың, адвокаттар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің адам құқықтарын қорғау саласындағы кәсіби біліктілігін арттыруға, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық конвенция мен Еуропа Кеңесінің өзге де құралдарының стандарттарын ұлттық құқық қолдану практикасына енгізуге бағытталған.
Кездесу барысында тараптар 2027-2028 жылдары іске асыру жоспарланған HELP бағдарламасының жаңа жобасына Академияның қатысу перспективаларын қарастырды.
HELP оқу курстарын бірлесіп енгізуге, оның ішінде «Қатыгез қарым-қатынасқа тыйым салу» және «Қылмыстық сот ісін жүргізудегі процестік кепілдіктер және жәбірленушілердің құқықтары» курстарына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар аталған курстарды қазақ тіліне аудару мүмкіндігі талқыланды.
Бұдан бөлек, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби құзыреттерін дамыту мақсатында бірлескен онлайн-курстарды бейімдеу және енгізу мәселесі қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар адам құқықтарын қорғау саласындағы әріптестікті одан әрі дамытуға және бірлескен білім беру бастамаларын іске асыруға мүдделілік білдірді.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz



