Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында магистрлік диссертацияларды дайындау аясында «InnovationLab» жобаларының паспорттарын әзірлеу мәселелеріне арналған жұмыс кездесуі өтті.
Профессор Алмаз Ещановтың төрағалығымен өткен талқылауға профессорлар Назарбек Жемпиисов пен Виталий Хан, сондай-ақ бірінші курс магистранттары қатысты.
Қатысушылар жобалар паспорттарын әзірлеу және іске асыру мәселелерін қарастырып, туындаған қиындықтарды атап, оларды шешу жолдарын ұсынды. Жобаларды жүзеге асыру барысында оқытушылар мен магистранттардың өзара іс-қимылын одан әрі дамытуға ерекше назар аударылды.
Кеңес құқық қорғау қызметінде қолдануға болатын практикалық бағдарланған өнімдерді әзірлеу тәсілдерін келісу және пікір алмасу алаңына айналды.



