Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ProLab зертханасы базасында прокуратура органдары мен Астана қаласының пробация қызметі қызметкерлеріне арналған сабақтар өткізілді. Негізгі назар пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мәселелеріне аударылды.
Сабақ барысында аталған адамдарды жұмыспен қамтуға кедергі келтіретін негізгі факторлар, оның ішінде қоғам тарапынан қалыптасатын теріс көзқарас, кәсіби дағдылардың жеткіліксіздігі және ынтаның төмендеуі қарастырылды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттер талқыланды.
Сабақ қорытындысы бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру және профилактикалық жұмысты күшейту мәселелері бойынша пікір алмасу өтті. Пробация қызметінің өзекті міндеттерін шешуде ғылыми-практикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту және Академия әзірлемелерін пайдалану маңыздылығы атап өтілді.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz
