ХАБАРЛАНДЫРУ

8D12301 «Құқық қорғау қызметі» докторантурасының білім беру бағдарламасы бойынша Жанар Саулетовна Тукенованың «Қылмыстық құқықтағы зиян келтіру тәуекелін қабылдау (келісім)» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алуға алдағы докторлық диссертацияны қорғау шеңберінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы құқық қорғау органдары академиясының диссертациялық кеңесімен (бұдан әрі — диссертациялық кеңес) ресми рецензенттер (2026 жылғы 27 қазандағы № 24 хаттама):

— Мақан Есболатов атындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы академиясының құқық қорғау қызметін басқару бөлімінің профессоры, заң ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор (доцент) Әлия Темірханқызы Байсеитова;

— Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Басқару академиясының жоғары академиялық курстар бастығы – басшы құрамды дайындау факультеті бастығының орынбасары, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор (доцент) Жандос Бақтыбайұлы Жолжақсынов бекітілді.

Қорғау 2026 жылғы 20 қараша сағат 10.00-де Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Республика көшесі, 94 құрылыс мекенжайы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Веб-сайт: http://academy-gp.edu.kz/