ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында 8D04201 «Құқық қорғау қызметі» докторантурасының білім беру бағдарламасы бойынша Жанар Саулетовна Тукенованың  «Қылмыстық құқықтағы зиян келтіру тәуекелін қабылдау (келісім)»  тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясы қорғалады.

Диссертацияны ұсыну формасы: диссертациялық жұмыс.

Диссертация Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының Арнайы заң пәндері кафедрасында орындалды.

Қорғау тілі: орыс тілі.

Диссертациялық кеңестің құрамы: https://academy-gp.edu.kz/?page_id=5891&lang=kk

Диссертациялық кеңестің қосымша уақытша мүшелері тағайындалмаған.

Ғылыми кеңесшілер:

— Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының Арнайы заң пәндері кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Филипец О.Б.;

— Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының Арнайы заң пәндері кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Хан В.В.

Ресми рецензенттер диссертацияны қорғауға қабылдағаннан бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей тағайындалады.

Қорғау 2026 жылғы 20 қарашада сағат 10:00-де Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекенжайы: Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Республика көшесі, 94- құрылыс.

Сайт: http://academy-gp.edu.kz/

Бейнеконференция түрінде қорғауға қосылу: https://us06web.zoom.us/j/84636063382?pwd=LSOBX8CxKW3JG0k0Qnw1jRc3Bq0UFp.1

Құжаттар