Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында 8D04201 «Құқықтану» докторантурасының білім беру бағдарламасы бойынша Айтолқын Бұғыбайқызы Досжанованың «Ақпараттық коммуникациялық-технологиялар арқылы тұлғаның жеке басын анықтаудың тұжырымдамалық негіздері» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясы қорғалады.
Диссертацияны ұсыну формасы: диссертациялық жұмыс.
Диссертация Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының Жалпы заң пәндері кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі: қазақ тілі.
Диссертациялық кеңестің құрамы: https://academy-gp.edu.kz/?page_id=5891&lang=kk
Диссертациялық кеңестің қосымша уақытша мүшелері тағайындалмаған.
Ғылыми кеңесшілер:
— Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Е.Н. Бегалиев;
— Нью-Йорк қалалық университетінің Джон Джей қылмыстық құқық колледжі Қылмыстық құқық және полиция ғылымдары факультетінің профессоры, философия докторы (PhD) С.И. Шелухин.
Ресми рецензенттер диссертацияны қорғауға қабылдағаннан бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей тағайындалады.
Қорғау 2026 жылғы 20 қараша сағат 14:00-де Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының диссертациялық кеңесінде өтеді.
Мекенжайы: Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Республика көшесі, 94- құрылыс.
Сайт: http://academy-gp.edu.kz/
Бейнеконференция түрінде қорғауға қосылу: https://us06web.zoom.us/j/84636063382?pwd=LSOBX8CxKW3JG0k0Qnw1jRc3Bq0UFp.1
Құжаттар