Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының докторанттары докторлық диссертацияларын сәтті қорғап, философия докторы (PhD) дәрежесін алды.
Нұрланәлі Мырзабаев «Кәмелетке толмағандар саудасын ашу мен тергеп-тексеруді криминалистикалық қамтамасыз ету» тақырыбында зерттеу жұмысын ұсынды. Зерттеу осы санаттағы қылмыстарды ашу мен тергеп-тексерудің криминалистикалық әдістерін жетілдіруге арналған.
Ерлан Мыңжанов «Қылмыстық кірістерді заңдастыру саласындағы қылмыстарды тергеудің теориялық және практикалық негіздері» тақырыбындағы диссертациясын қорғады. Зерттеу қылмыстық кірістерді заңдастыруға байланысты қылмыстарды тергеудің теориялық тәсілдерін дамытуға және практикалық тетіктерін жетілдіруге бағытталған.
Екі ғылыми жұмыс 8D12301 «Құқық қорғау қызметі» докторантурасының білім беру бағдарламасы бойынша дайындалған және құқық қорғау практикасын жетілдірудің өзекті мәселелерін қамтиды.
Диссертацияларды қорғау қорытындысы бойынша Нұрланәлі Мырзабаев пен Ерлан Мыңжановқа философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.
Академия ізденушілерді диссертацияларын сәтті қорғауымен құттықтап, ғылыми және кәсіби қызметте толағай табыстар тілейді!




