Академия өңірлік қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде

Бүгін Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында БҰҰ-ның Қылмыс пен сот төрелігі мәселелері жөніндегі өңіраралық ғылыми-зерттеу институтының (UNICRI) өкілдерімен кездесу өтті.

Қатысушылар «CONTACT – Орталық Азия» жобасын іске асыру және одан әрі өзара іс-қимылды дамыту перспективаларын талқылады.

Жоба құқық қорғау органдарының, ұлттық қауіпсіздік және ядролық реттеу органдарының радиоактивті және ядролық материалдардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстардың алдын алу, оларды анықтау және тергеп-тексеру жөніндегі әлеуетін нығайтуға бағытталған.

Негізгі бағыттар қатарында бейінді мемлекеттік органдар қызметкерлерінің кәсіби құзыреттерін дамыту, мамандандырылған оқу курстары мен практикалық тренингтер ұйымдастыру, сондай-ақ мамандарды кейіннен оқыту үшін ұлттық нұсқаушылар даярлау айқындалды.

Ведомствоаралық және халықаралық өзара іс-қимылды нығайтуға, озық тәжірибе алмасуға және тиісті қатерлерге ден қою тетіктерін жетілдіруге ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту және жоба аясында бірлескен іс-шараларды іске асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.