Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Нұрғалым Әбдіров Ресей Федерациясы прокуратура университетінің ректоры Игорь Мацкевичпен екіжақты кездесу өткізді.
Кездесу Қазан қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Бас прокурорларының үйлестіру кеңестерінің отырыстарына қатысу аясында өтті.
Тараптар Қазақстан Республикасы прокуратура органдары қызметкерлерінің ғылыми дәреже ізденуіне жәрдемдесу, жекелеген мемлекетаралық зерттеулер жүргізу, сондай-ақ Академия мен Университеттің 2027–2028 жылдарға арналған өзара іс-қимыл жоспарын бірлесіп әзірлеу мәселелерін талқылады.
Кездесу Ресей Федерациясы прокуратура университеті ректорының сәуір айында Академияға жасаған сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың жалғасы болды.
ТМД БПҮК және ШЫҰ отырыстарында халықаралық құқықтық ынтымақтастық, қылмысқа қарсы іс-қимыл, шетелден активтерді іздеу және қайтару мәселелері де қаралды.
Профильдік секциялардың бірінде прокурорлық қызметтің өзекті бағыттары және кәсіби өзара іс-қимылды дамыту бойынша тәжірибе алмасу өтті.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz
