Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының докторанттары «Сот билігі және қылмыстық процесте сот төрелігін іске асыру» тақырыбында бинарлық дәріске қатысты.
Іс-шараға Академияның арнайы заң пәндері кафедрасының профессоры, қауымдастырылған профессор Виталий Хан және Ташкент мемлекеттік заң университетінің қылмыстық-процестік құқық кафедрасының профессоры Дилбар Суюнова спикер ретінде қатысты.
Дәріс барысында сот төрелігін жүзеге асырудың теориясы мен практикасы, қылмыстық іс бойынша объективті ақиқатқа қол жеткізу, сондай-ақ сот үкімдерін қайта қарау институттары талқыланды.
Қатысушылар үкімдерді қайта қарау тетіктерін қолдану ерекшеліктерін салыстырып, халықаралық тәжірибе негізінде сот шешімдерінің заңдылығы мен негізділігін қамтамасыз ету мәселелерін қарастырды.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz

