Академия қызметкерлері аға буынға құрмет көрсетті

Халықаралық қарттар күні қарсаңында Құқық қорғау органдары академиясының қызметкерлері Ақмола облысының Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылының тұрғындарына барды.

Арнайы сапар Қосшы қаласының әкімдігі мен жергілікті Ардагерлер кеңесімен бірлесіп ұйымдастырылды. Кездесу барысында ардагерлер мен ақсақалдарға көңіл бөлініп, қажетті қолдау көрсетілді.

Академия қызметкерлері аға буын өкілдеріне олардың көп жылғы еңбегі, өмірлік тәжірибесі және жастар тәрбиесіне қосқан үлесі үшін ризашылық білдірді. Ақсақалдар ұжымға қамқорлығы үшін алғыс айтып, баталарын берді.

Іс-шара аға буынға құрмет көрсету және ұрпақтар сабақтастығы дәстүрінің жалғасы болды.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz