2026 жылғы 28 тамызда Академияның бірінші проректоры С.М. Сапаралиеваның академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің проректорлары М.М. Өмірқұловажәне Е.Ж. Сармурзинмен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар білім беру, ғылымжәне құқық қорғау жүйесіне арналған кадрлардыдаярлау бағыттарындағы ынтымақтастықтыдамыту перспективаларын талқылады.
Басты назар бірлескен білім беру бағдарламаларымен ғылыми жобаларды әзірлеуге, оқытушылар мен білім алушылардың академиялық ұтқырлығындамытуға, сарапшылар мен ғылыми-әдістемелікматериалдар алмасуға, сондай-ақ жасанды интеллект, цифрландыру және заң қызметіндегі заманауи технологиялар саласындағы құзыреттерді арттыруға аударылды.
«Ғылым – білім – практика» қағидаты бойынша өзара іс-қимылды дамытуға ерекше мән берілді. Бұл құқық пен құқық қолдану практикасының өзекті мәселелері бойынша зерттеулер жүргізіп, олардың нәтижелерін білім беру процесі мен практикалық қызметке енгізуді көздейді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптарбірлескен іс-шаралардың нақты жоспарын әзірлеп, жақын перспективада іске асырылатын басым жобаларды айқындауға келісті.
Ынтымақтастық екі ұйымның білім беру жәнеғылыми-зерттеу әлеуетін біріктіріп, заманауи заңғылымын дамытуға, кадрларды даярлаудың инновациялық тәсілдерін енгізуге және ғылыми зерттеулердің практикалық маңызын арттыруға бағытталатын болады.
