Құқық қорғау органдары академиясының өкілдері ведомстволық оқу орындарының жас ғалымдары форумына қатысты

2026 жылғы 28–30 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының өкілдері Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Басқару академиясы ұйымдастырған ведомстволық оқу орындарының жас ғалымдары форумына қатысты.

Форумда ғылымды дамыту, ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайту және жастардың ғылыми бастамаларын қолдау мәселелерін талқылау мақсатында жас зерттеушілер, ведомстволық білім беру ұйымдары мен құқық қорғау органдарының өкілдері біріктіі.

Академия атынан Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті З.Ж. Қалмұрзина, сондай-ақ докторанттар А.А. Асқаров пен Нұрғазы Ескалы қатысты. «Менің жоғары оқу орным» атты сессия аясында Академияның қызметі, білім беру және ғылыми жетістіктері таныстырылды.

Форум қатысушылары ғылыми, білім беру және тәжірибеге бағдарланған іс-шараларға, соның ішінде «Жаһандық трансформация жағдайындағы құқық: заманауи сын-қатерлер мен даму перспективалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Жас зерттеушілердің секциялық отырысында А.А. Асқаров өзінің ғылыми зерттеуінің нәтижелерін таныстырды. Талқылау қорытындысы бойынша оның мақаласы халықаралық конференция материалдарының жинағында жариялауға ұсынылды. Сонымен қатар ол «Жас ғалымдар аллеясы» экологиялық акциясына қатысып, «Салауатты ұлт – болашақ энергиясы» атты веложарыста төртінші орын иеленді.

Академия өкілдерінің форумға қатысуы ғылыми байланыстарды нығайтуға, тәжірибе алмасуға және ведомстволық білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етті.