ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясында Динара Рабаниевна Нуркееваның «Қылмыстық процестегі заңдылық қағидатының семантикалық арқауы: рационалды және иррационалды компоненттері» тақырыбы бойынша 8D12301 — Құқық қорғау қызметі (ғылыми-педагогикалық бағыт) докторантураның білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертация қорғауы өтеді.

Диссертацияны ұсыну нысаны: диссертациялық жұмыс.

Диссертация Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының Арнайы заң пәндері кафедрасында орындалды.

Қорғау тілі: орыс

Диссертациялық кеңестің құрамы: https://academy-gp.edu.kz/?page_id=74&lang=ru

Диссертациялық кеңестің қосымша уақытша мүшелері:

— Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігі Омбы академиясы Криминалистика кафедрасының профессоры, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген заңгері, заң ғылымдарының докторы, профессор А.М. Баранов.

Ғылыми кеңесшілер:

— Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының Арнайы заң пәндері кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор В.В. Хан;

— заң ғылымдарының докторы, профессор, М.С. Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЮУ университетінің Қылмыстық сот төрелігі және ғылыми сараптама мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының басшысы М.Ш. Қоғамов.

Ресми рецензенттер:

— Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінің Құқықтану кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Б.Х. Төлеубекова;

— ҚР ІІМ Б. Бейсенова атындағы Қарағанды академиясы Қылмыстық процесс кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор А.А. Прокопова.

Қорғау 2026 жылғы 04 шілдеде сағат 10:00-де Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекенжайы: Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Республика көшесі, 94-үй.

Сайт мекенжайы: http://academy-gp.edu.kz/.

Бейнеконференция түрінде қорғауға қосылу: https://us06web.zoom.us/j/8316626592?pwd=WXh5ZVVFZG1RUTFoeEdnRkVBOEV6Zz09&omn=82015584491

Құжаттар