Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында 8D04201 «Құқықтану» докторантурасының білім беру бағдарламасы бойынша Бауыржан Туреханович Уразалиннің «Қауіпсіздігі ең төмен мекемелерде сотталғандарды ұстау техникасы мен криминалистикалық қамтамасыз етуі» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясы қорғалады.
Диссертацияны ұсыну формасы: диссертациялық жұмыс.
Диссертация Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының Жалпы заң пәндері кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі: орыс тілі.
Диссертациялық кеңестің құрамы: https://academy-gp.edu.kz/?page_id=5891&lang=kk
Диссертациялық кеңестің қосымша уақытша мүшелері тағайындалмаған.
Ғылыми кеңесшілер:
— Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Е.Н. Бегалиев;
— Нью-Йорк қалалық университетінің Джон Джей қылмыстық құқық колледжі Қылмыстық құқық және полиция ғылымдары факультетінің профессоры, философия докторы (PhD) С.И. Шелухин.
Ресми рецензенттер:
— Қазтұтынуодағының Қарағанды университеті Экономикалық және құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Т.А. Ханов;
— Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты Б.М. Садыбеков.
Қорғау 2026 жылғы 04 шілдеде сағат 14:00-де Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының диссертациялық кеңесінде өтеді.
Мекенжайы: Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Республика көшесі, 94- құрылыс.
Сайт: http://academy-gp.edu.kz/
Бейнеконференция түрінде қорғауға қосылу: https://us06web.zoom.us/j/8316626592?pwd=WXh5ZVVFZG1RUTFoeEdnRkVBOEV6Zz09&omn=82015584491
Құжаттар