2026 жылғы 21 мамырда Академияның Жас ғалымдар кеңесінің мүшелері, 2-курс докторанттары А.А. Аскаров, А.С. Айтмагамбетов, С.Н. Шайхыстанова және А.Ж. Тулеуова Тәжікстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған «Қазіргі жағдайдағы қылмысқа қарсы іс-қимыл теориясы, заңнамасы және тәжірибесінің өзекті мәселелері» тақырыбындағы I Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Душанбедегі Тәжікстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде өткен шараға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстанның ғылыми қоғамдастық, құқық қорғау органдарының өкілдері, заңгер ғалымдар мен зерттеушілер жиналды.
Конференция барысында қатысушылар цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің қарқынды дамуы қылмыстың заманауи түрлерін айтарлықтай өзгертіп жатқанын, бұл өз кезегінде ғылыми қоғамдастық пен құқық қорғау органдарының халықаралық ынтымақтастығын одан әрі нығайтуды талап ететінін атап өтті.
Конференция ғылыми және құқық қорғау салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудың маңызды алаңына айналған ашық ғылыми диалог пен сындарлы пікір алмасу жағдайында өтті.
Сапар аясында Академия өкілдері Тәжікстан Республикасы ІІМ Академиясының қызметімен, оның білім беру және ғылыми әлеуетімен, сондай-ақ құқық қорғау органдарына кадр даярлаудың жекелеген бағыттарымен танысты.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz


