Докторанттар Астана қаласында өткен «Kazakhstan Security System» халықаралық көрмесіне қатысты

Академияның «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының докторанттары арнайы заң пәндері кафедрасының профессоры Н.Ш. Жемпиисовтың жетекшілігімен кураторлық сапар және «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін мемлекеттік-құқықтық қамтамасыз ету» пәнін оқу аясында 2026 жылғы 13-15 мамыр аралығында Астана қаласында өткен «Kazakhstan Security System» халықаралық жыл сайынғы көрмеге қатысты.

Іс-шара барысында заманауи технологиялық шешімдер, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттары, робототехникалық жүйелер көрсетілді, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша конференциялар өтті.

Әсіресе Dronetech Conference сессиясы ерекше қызығушылық тудырды. Онда ұшқышсыз ұшу аппараттарынан қорғану, спуфинг, ЖИ-дрондар және ұшқышсыз жүйелер саласындағы мамандарды даярлау мәселелері талқыланды.

Осындай халықаралық іс-шараларға қатысу білім алушылардың цифрлық трансформация жағдайында өзекті білім алып, кәсіби құзыреттерін дамытуға ықпал етеді.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz