Жастардың құқықтық сауаттылығы: жоғары сынып оқушыларымен профилактикалық кездесу

Құқық қорғау органдары академиясының өкілдері мен Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің қатысуымен Астана қаласындағы №6 мектеп-гимназиясының 10–11 сынып оқушыларымен профилактикалық кездесу өтті. Іс-шара кәмелетке толмағандар мен жастар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және кәсіби бағдар беру мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесу «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында өткізілді, бұл қағида кәмелетке толмағандар мен жастар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Жоғары сынып оқушыларымен жүргізілген әңгіме барысында қауіпсіздік пен құқықтық жауапкершіліктің өзекті мәселелері талқыланды. Есірткі «есірткі тығып кету» таралуына, жасөспірімдердің дропперлікке тартылуына, лудомания проблемасына, сондай-ақ вейптердің заңсыз сатылуы мен тұтынылуына байланысты қауіп-қатерлерге ерекше назар аударылды.

Қатысушыларға құқыққа қайшы әрекеттердің құқықтық салдары, жастарды заңсыз қызметке тарту тетіктері және мұндай қауіптердің алдын алу жолдары түсіндірілді. Осындай кездесулер құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және жеке қауіпсіздік мәселелеріне саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz