2026 жылғы 30 сәуірде Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының Жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы А.К. Рахметоллов 7М12303 «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының магистранттары үшін ашық семинар сабағын өткізді.
Сабақ шеңберінде инвесторлардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша мониторинг, талдау және тексеру іс-шараларын жүргізу тәртібін қоса алғанда, құқық қорғау органдары қызметінің ұйымдастырушылық аспектілері қаралды.
Қолданыстағы заңнама нормаларын іске асырудың практикалық тетіктеріне, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинар магистранттардың кәсіби құзыреттерін дамытуға, құқық қолдану дағдыларын қалыптастыруға және талдамалық ойлауды жетілдіруге бағытталған.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz


