«Құқықтық көмек» акциясы және «Заң мен тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының 1-курс магистранттары Р.Қошқарбаев атындағы №1 орта мектеп оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізді.
Қорқыту және кибербуллинг, есірткі заттарын тарату және қолдану, жастарды дропперліке тарту, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық тәрізді жасөспірімдер қауіпсіздігінің өзекті мәселелері қаралды. Қатысушыларға құқыққа қайшы әрекеттердің құқықтық салдары және өз құқықтарын қорғау тетіктері түсіндірілді.
Іс-шара ашық диалог форматында өтті, бұл оқушыларға сұрақтар қоюға және құзыретті жауаптар алуға мүмкіндік берді. Кездесу жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.
Сондай-ақ Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында патриоттық құндылықтарды нығайтуға, тарихи жадыны сақтауға және ардагерлерді құрметтеуге бағытталған түсіндіру әңгімелері өткізілді.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz
