2026 жылғы 24 сәуірде Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының Арнайы заң пәндері кафедрасының доценті Амуртаева Д.Т. 7M12303 «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының магистранттарына арналған ашық дәріс сабағын өткізді.
Сабақ барысында жеке адамның жыныстық еркіндігі мен жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстарды саралаудың проблемалық аспектілері қарастырылды, оның ішінде құрамдарды ажырату мәселелері, дәлелдеу ерекшеліктері және құқық қолдану тәжірибесінде кездесетін типтік қателіктер талқыланды.
Дәріс магистранттардың кәсіби құзыреттерін дамытуға, қылмыстық заңнама нормаларын қолданудың практикалық дағдыларын қалыптастыруға және аналитикалық ойлауын тереңдетуге бағытталды.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz

