Стамбул қаласы Түркі сот білімі желісі ұйымдастырған адам құқықтары жөніндегі халықаралық білім беру бағдарламасының алаңына айналды.
Тәжірибе алмасу мақсатында қатысушы елдердің делегациялары Стамбул прокуратурасына барып, онда бас прокурор Фатих Дёнмезбен кездесу өткізді. Кездесу барысында трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимыл және халықаралық құқықтық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Қатысушылар қазіргі заманның сын-қатерлері – терроризм, заңсыз көші-қон және жасанды интеллектті пайдалану – прокурорлардан халықаралық адам құқықтары стандарттарын сақтау тұрғысынан да тұрақты кәсіби жаңаруды талап ететіні жөнінде ортақ пікірге келді.
Кездесуде Академия атынан Кәсіби оқыту институтының директоры Қуандық Рахметов сөз сөйлеп, Академияның жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл және құқық қорғау органдары үшін кадрлар даярлау бағытында өңірлік хаб ретіндегі әлеуетін атап өтті. Тараптар кәсіби өзара іс-қимылды дамытуға өзара қызығушылық білдірді.
Бағдарламаның қорытынды күні қатысушы елдердің презинтацияларын қамтыды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясынан Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры Сауле Сапаралиева тарапынан «Қазақстандағы конституциялық реформа контекстінде халықаралық актілерді имплементациялау» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндамада 2022 және 2026 жылдардағы конституциялық реформалардың негізгі ережелері қамтылып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, жаңартылған Конституция нормаларына талдау жасалды.
Бағдарламаға қатысу Академия делегациясына ұлттық тәжірибені халықаралық деңгейде таныстыруға, кәсіби байланыстарды нығайтуға және одан әрі ынтымақтастық перспективаларын айқындауға мүмкіндік берді. Алынған білімдерді Академияның білім беру бағдарламаларына енгізу жоспарлануда.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz









