Академия Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі прокурорлар пулын дайындаудың екінші кезеңін аяқтады. Оқыту Цифрлық компоненті бар қылмыстық істер бойынша кадрлар даярлаудың бірыңғай жүйесін қалыптастыру тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылған.
Бұл тақырыптың өзектілігі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жасалатын қылмыстар санының өсуіне байланысты. Желіде болған кезде қылмыскерлер сөзсіз дәлелдейтін мәнге ие цифрлық іздерді қалдырады.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қазіргі қылмыстағы цифрлық технологиялардың рөлін, сондай-ақ цифрлық дәлелдемелердің ерекшеліктерін, олардың көздері мен олармен жұмыс істеу принциптерін түсінуді қалыптастыруға ерекше назар аударылады.
Оқу барысында қатысушылар цифрлық дәлелдемелердің сипаттамалары мен көздерін, сондай-ақ оларды анықтау, тіркеу және алу процедураларын білді. Практикалық бөлім деректерді пішімдеу, зарарсыздандыру, шифрлау және хэштеу бойынша жаттығуларды қамтыды.
Сабаққа Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының сарапшысы да қатысып, осы саладағы практикалық тәжірибесімен бөлісті.
Бағдарламаны жүзеге асыру қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және олардың киберқылмыспен тиімді күресу үшін маңызды болып табылатын цифрлық дәлелдемелерді өңдеудегі практикалық дағдыларын нығайтуға көмектеседі.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz




