Ресей Федерациясының  Прокуратура университеті өкілдерінің Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына сапары

2026 жылғы 7 сәуірде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына ректор Игорь Мацкевич басшылығымен Ресей Федерациясы Прокуратура университетінің делегациясы келді.

Меймандар Академия қызметімен танысып, оның білім беру, ғылыми және халықаралық әлеуетінің жоғары деңгейін, сондай-ақ құқық қорғау органдары кадрларын даярлаудағы заманауи жүйесін атап өтті.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылап, оның тұрақты сипаты мен бірлескен жобалардың маңыздылығын, оның ішінде қылмыспен күрес, құқық қорғау қызметін цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізу саласындағы зерттеулерді ерекше атап өтті.

Академияның ректоры Нұрғалым Әбдіров алдағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын атап өтіп, ғылыми ынтымақтастықты тереңдету, сарапшы жұмыс топтарын құру және қазіргі заманғы қауіп-қатер жағдайында тәжірибеге бағытталған зерттеулерді дамытуға мән берді.

Игорь Мацкевич сапалы ұйымдастырылған сапар үшін алғысын білдіріп, ресейлік университеттің басым бағыттарын таныстырып, ұсынылған ынтымақтастық бастамаларын қолдады.

Сапар барысында құқық қорғау практикасындағы өзекті мәселелерге, оның ішінде қазіргі қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл, белгілі санаттағы қылмыстарды тергеу және дәлелдемелер базасын қалыптастыру тақырыптарына арналған қонақ дәрістері ұйымдастырылды.

Ресейлік әріптестер Академияның заманауи инфрақұрылымымен, оқу-практикалық әлеуетімен, инновациялық білім беру технологиялары мен тәжірибеге бағытталған оқыту әдістерімен танысты.

Оқыту сот отырысы залында студенттер алқабилер соты қатысумен өткен модельдік сот процесін көрсетті. Қонақтар киберорталық, прокурорлық және криминалистикалық полигондардың жұмысымен танысып, интерактивті және симуляциялық оқыту форматтарын көрді. Бұл шешімдер кәсіби біліктілікті қалыптастыруға және нақты құқық қолдану практикасына жақын жағдайда дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік береді.

Шара қорытындысы бойынша тараптар жаңа өзара іс-қимыл нысандарын әзірлеу және бірлескен білім беру мен ғылыми бастамаларды жүзеге асыру арқылы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілігін растады.