Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Құқық қорғау органдары академиясының 1 курс білім алушылары мен олардың ғылыми жетекшілері — Н.Ш. Жемпиисов, С.А. Августхан және А.А. Баймахановтың қатысуымен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында диссертациялық зерттеулердің барысы, жарияланымдық белсенділік және ғылыми қызметтің өзге де өзекті мәселелері қаралды.
Электрондық ғылыми ресурстарды пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылып, тиісті бөлім басшысы Ж.Н. Орынбекова зерттеу жүргізуге қажетті деректер базалары мен цифрлық платформаларды таныстырды.
Кездесу қорытындысы бойынша білім алушылар өзекті ғылыми материалдарға қол жеткізіп, ғылыми жетекшілерден зерттеу жұмыстарын одан әрі дамытуға бағытталған нақты ұсыныстар мен тапсырмалар алды. Сонымен қатар, Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасын толықтыру бағытындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін қоса алғанда, ынтымақтастық перспективалары талқыланды.


