Жекелеген экономикалық қылмыстар бойынша дәлелдемелер жинау ерекшеліктері

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында 2026 жылғы 30 наурыз бен 3 сәуір аралығында «Жекелеген экономикалық қылмыстар бойынша дәлелдемелер жинау ерекшеліктері» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өткізілуде.

Курстың мақсаты – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі – ҚМА) қызметкерлерінің экономикалық құқық бұзушылықтарды тергеу барысында сараптамалық зерттеулерді қолдану және ақпараттық жүйелерді пайдалану бойынша кәсіби деңгейін арттыру.

Апталық оқу аясында қатысушылар экономикалық қылмыстарды тергеу процесінде сарапшылармен өзара іс-қимыл жасау бойынша практикалық дағдыларды меңгереді.

Сабақтарды Академияның профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлері, ҚМА өкілдері, сондай-ақ шақырылған сарапшылар жүргізеді.

Курс барысында аталған саладағы өзекті және проблемалық мәселелер қарастырылады.

Оқу қорытындысы бойынша қатысушыларға экономикалық қылмыстарға қарсы іс-қимыл саласындағы жаңа құзыреттерін растайтын сертификаттар табысталады.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz