Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында «Базалық цифрлық криминалистика» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы басталды. Бұл курс цифрлық дәлелдемелермен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгеруге бағытталған прокурорларды даярлаудың үш модульді бағдарламасының екінші кезеңі болып табылады.
Курс аясында цифрлық дәлелдемелерді анықтау, тіркеу және алу, оқиға орнындағы іс-қимыл алгоритмдері, деректердің сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды тиісті процестік ресімдеу мәселелері пысықталады.
Практикалық дайындыққа ерекше назар аударылады. Сабақтар нақты тергеу жағдайларын модельдейтін сценарийлерді пайдалана отырып, киберполигонда өткізіледі.
Оқу қорытындысы бойынша тыңдаушылар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланумен байланысты істер бойынша прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру, соның ішінде цифрлық дәлелдемелермен, электрондық деректермен, ашық дереккөздермен және блокчейн технологияларымен жұмыс істеу бойынша құзыреттерге ие болады.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz
