2026 жылға арналған ЖОО қауымдастығының өзара іс-қимыл жөніндегі бірлескен жоспарын іске асыру аясында 2026 жылғы 31 наурызда сағат 15:30-да қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының өзекті мәселелеріне арналған онлайн-дәріс өтті.
Дәрісті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақтөбе заң институтының өкілі, полиция подполковнигі Жайлаубаева Шара Темірханқызы жүргізді.
Дәріс барысында Конституцияны жаңартудың негізгі бағыттары қарастырылды, оның ішінде жаңа конституциялық жағдайларда адам құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау, мемлекеттік басқаруды цифрландыруды дамыту, сондай-ақелдің саяси жүйесін трансформациялау және жаңғырту мәселелері талқыланды.
Іс-шара құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға, конституциялық реформаларды заманауи тұрғыда түсінуді қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік басқарудағы цифрлық технологиялардың рөлін талқылауға бағытталды.
Дәріс мемлекеттік дамудың маңызды мәселелері бойынша ашық диалог пен пікір алмасу алаңына айналды.


