Қазақстан Түркі сот-құқықтық даярлау желісіндегі төрағалықты Өзбекстан Республикасына тапсырды

2026 жылғы 18 наурызда онлайн форматта Түркі сот-құқықтық даярлау желісінің отырысы өтті. Оның аясында Қазақстан Республикасы төрағалықты Өзбекстан Республикасына тапсырды.

Іс-шараға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан елдерінің бейінді ғылыми-білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.

Аталған Желі прокуратура және сот органдары үшін кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру саласындағы ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу және білім беру сапасын арттыру мақсатында құрылған.

Отырыс барысында Қазақстанның төрағалығы кезеңінің қорытындылары шығарылып, оның көпжақты өзара іс-қимылды дамытуға қосқан елеулі үлесі атап өтілді. Осы кезеңде жоғары деңгейде екі халықаралық іс-шара — «Заманауи әлемдегі заң, құқық, әділет» конгресі және «Адам құқықтарын қорғау және тиімді сот төрелігі: ұлттық дәстүрлер мен халықаралық стандарттардың теңгерімі» форумы өткізілді. Бұл іс-шаралар кәсіби диалогты нығайтуға және үздік тәжірибелермен алмасуға ықпал етті.

Қатысушылар Желі қызметін одан әрі дамыту оның ынтымақтастық пен біліктілікті арттырудың тиімді алаңы ретіндегі маңыздылығын атап өтті. Қазақстан тарапы Өзбекстанға төрағалықты қабылдауға дайын екені үшін алғыс білдіріп, әріптестік пен сенімнің жоғары деңгейін атап өтті.

Сондай-ақ қатысушылар Өзбекстан Республикасы Әділет академиясын институционалдық мәртебесінің жоғарылауымен құттықтап, бейінді мекемелердің жаңа басшыларын құттықтады.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Желі жұмысына әрі қарай да белсенді қатысуға және бірлескен бастамаларды қолдауға дайын екенін растады.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz