Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитетінде ғылыми зерттеу нәтижелерінің таныстырылымы туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитетінде құқық қорғау органдарында ведомстволық білім беру сапасын арттыру жылы аясында және «Заң мен тәртіп» идеологемасын іске асыру шеңберінде «Қайталама қылмыстылықтың детерминанттары және олардың алдын алу» тақырыбындағы ғылыми зерттеу нәтижелерінің таныстырылымы өтті.

Зерттеу Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының авторлық ұжымымен Ішкі істер министрлігінің жедел қызметтерінің қызметкерлері, сондай-ақ ғылыми қауымдастық, адвокатура, психологтар мен әлеуметтанушылар өкілдерінің қатысуымен орындалды.

Кездесуге қатысушылар жұмыстың жоғары практикалық маңыздылығын атап өтті. Зерттеуде қайталама құқық бұзушылықтардың жасалуына әсер ететін әлеуметтік-экономикалық, психологиялық және өзге де факторлар кешенді түрде ашып көрсетілген.

Ақпараттық-талдамалық шолу қолданбалы сипатқа ие, статистикалық деректерді талдауға, есепте тұрған контингентке жүргізілген сауалнама нәтижелеріне және халықаралық тәжірибені зерделеуге негізделген. Материалдар профилактикалық қызметтердің қызметкерлерінің практикалық дағдыларын дамытуға және құқық бұзушылықтардың ерте алдын алу тетіктерін жетілдіруге бағытталған.

Іс-шара қорытындысы бойынша зерттеу нәтижелерін 2026 жылға арналған практикалық қызметке енгізу актісіне қол қойылды. Әзірленген ұсынымдарды жеке құрамды кәсіби даярлау жүйесінде, сондай-ақ әкімшілік қадағалау мен есепте тұрған тұлғалар санатымен профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында пайдалану жоспарлануда.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz