Мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы тілдерді меңгерудің рөлі

Құқық қорғау органдары академиясының Жалпы заң пәндері кафедрасының «Жобалық кеңсе» жұмысы аясында «Мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы тілдерді меңгерудің рөлі» тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шараға Қосшы қаласы әкімдігінің Тілдерді оқыту орталығының басшысы Айнұр Оразханқызы Телхужаева қатысты. Кездесуге сондай-ақ Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы мен білім алушылары қатысты.

Спикер мамандардың кәсіби дамуы мен олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда шет тілдерін меңгерудің маңыздылығын атап өтті. Тыңдаушыларға Тілдерді оқыту орталығының курстары, олардың мазмұны, оқу форматы және тілдік дағдыларды жетілдіру мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылды.

Кездесу құқық қорғау қызметі саласындағы кәсіби коммуникация сапасын арттыру, тілдік құзыреттілікті дамыту мәселелерін талқылаумен аяқталды.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz