Лудоманияға қарсы іс-қимыл және ойынға тәуелділіктің алдын алу шаралары туралы

2026 жылғы 13 наурызда қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясат аясындажәне «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының оқытушылары — доцент Д.Т. Амуртаева және оқытушы А.С. Карымсакова Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің қызметкерлеріне «Лудомания – мемлекеттік қызметшінің кәсіби сенімділігіне төнетін қауіп» тақырыбында дәрістер өткізді.

Дәрістер барысында ойынға тәуелділіктің пайда болу себептері мен салдары, сондай-ақ оның мемлекеттік қызметшілердің қаржылық тәртібіне, психологиялық жағдайына және қызметтік қызметіне ықпалы қарастырылды. Онлайн-бәстігудің қол жетімділігінің артуына және алдын алу шараларының қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Д.Т. Амуртаева лудоманияға қарсы іс-қимылдың құқықтық аспектілерін, оның ішінде заңнамалық реттеу мәселелерін, ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және жауапкершілік шараларын таныстырды. Ал А.С. Карымсакова тәуелділіктің қалыптасуының психологиялық механизмдерін түсіндіріп, эмоционалдық тұрақтылықты сақтау және аддиктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша практикалық ұсынымдар берді.

Өткізілген іс-шара қызметкерлердің ойынға тәуелділіктің тәуекелдері туралы хабардарлығын арттыруға мүмкіндік беріп, кәсіби сенімділікті сақтау мен салауатты жұмыс ортасын қалыптастыруда профилактиканың маңыздылығын атап өтті.