2026 жылғы 11 наурызда Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының Арнайы заң пәндері кафедрасының доценті Әсел Әлібекова Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шара мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әдеп нормаларын нығайту, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету аясында ұйымдастырылды.
Семинар барысында спикер мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың негізгі мәселелерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздерін, сондай-ақ оларды мемлекеттік органдар қызметінде практикалық қолдану тетіктерін қарастырды.
Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін заңды жауапкершіліктің түрлеріне — тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша арнайы субъектінің белгілеріне ерекше назар аударылды.
Қатысушылар мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыруға және мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың заманауи шараларымен де танысты.
Осындай іс-шараларды өткізу қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың тиімділігін күшейтуге ықпал етеді.


