Құқық қорғау органдары академиясында цифрлық технологияларды пайдалану арқылы жасалатын қылмыстарға қарсы іс-қимыл саласында кәсіби дағдыларды дамытуға бағытталған прокуратура органдары қызметкерлерін даярлаудың орта деңгейдегі бағдарламасының алғашқы кезеңі аяқталды.
Оқыту Академия әзірлеген цифрлық компоненті бар қылмыстарды тергеу бойынша кадрларды көпдеңгейлі даярлау моделін іске асыру аясында өткізілді. Бағдарлама прокуратура қызметкерлерінің заманауи IT-құзыреттерін дамытуға және цифрлық деректермен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Оқу барысында практикалық дайындыққа ерекше назар аударылды. Қатысушылар цифрлық дәлелдемелермен жұмыс істеу әдістерін меңгеріп, үлкен деректер массивтерін талдау тәсілдерін, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жасалатын қылмыстарды тергеудің заманауи құралдарын зерделеді.
Оқытудан прокуратура органдарының 40 қызметкері өтті.
Алынған білім мен практикалық дағдылар аумақтық бөлімшелерде қолданылып, әріптестер арасында каскадтық түрде тарату арқылы енгізілетін
Даярлаудың екінші кезеңі ағымдағы жылдың наурыз айының соңында Академияда жалғасатын болады.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz





