Құқықтық мәдениет – жауапты болашақтың негізі

Ағымдағы жылдың 3 наурызында «Құқықтық көмек» жобасын және «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистранттары Қосшы қаласындағы №3 мектеп-лицейінің 8–11 сынып оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізді.

Кездесу барысында бұзақылыққа, лудоманияға, буллингке, есірткі құралдарының заңсыз айналымына, сондай-ақ никотинді тұтынудың электрондық жүйелерін (вейптерді) пайдалануға жол бермеу мәселелері қарастырылды. Оқушыларға әкімшілік және қылмыстық заңнама нормалары, өз құқықтарын қорғау тетіктері, сондай-ақ заң талаптарын сақтау қажеттігі түсіндірілді.

Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, жастар арасында құқықтық мәдениет пен құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға, сондай-ақ заңға және құқықтық тәртіп қағидаттарына құрметті қалыптастыруға ықпал етті.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz