Академияда прокурорларды цифрлық тергеу бойынша оқыту аяқталды

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына киберпрокурорлар пулын дайындау шеңберінде іске асырылған «Киберқылмыстарды цифрлық тергеу» атты біліктілікті арттыру курсының қорытындысы шығарылды.

Бағдарлама оқытудың екінші кезеңі болды және тәжірибеге бағытталды. Тыңдаушылар цифрлық іздерді, онлайн коммуникацияларды және ашық көздерді талдауды, сондай-ақ цифрлық дәлелдемелерді процестік пайдалануды пысықтады. Сабақтардың бір бөлігі киберполигонда нақты тергеу сценарийлерін модельдеумен өтті.

Қазіргі уақыттағы цифрлық құзыреттердің өзектілігін ескере отырып, Академия цифрлық криминалистика және криптовалюта және блокчейн технологияларына қатысты қылмыстарды тергеу бойынша мамандандырылған курстарды ұсынуды жоспарлап отыр.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz