Балалардың құқықтарын қорғау бойынша біліктілікті арттыру курстары

2026 жылғы 23-27 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы «Құқық бұзушылықтардың алдын алудың және кәмелетке толмағандардың эмоционалдық әл-ауқатын қамтамасыз етудің заманауи тәсілдері» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізді.

Бағдарлама балалардың құқықтарын қорғауды құқықтық реттеу, ведомствоаралық өзара іс-қимыл, профилактикалық қызметте цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті қолдану мәселелерін, сондай-ақ жасөспірімдердің эмоционалдық әл-ауқатының психологиялық аспектілерін қамтиды. Әлеуметтік медиа мен цифрлық ортаның әсеріне, балаларға стресс пен травматикалық жағдайларда көмектесу әдістеріне, қауіпсіз ортаны құрудағы отбасының, мектептің және қоғамның рөліне ерекше назар аударылады.

Практикалық бөлім нақты оқиғаларды модельдейтін жағдайларды шешумен квест технологиясы форматында оқытады. Сондай-ақ эмоционалдық күйзелісті ерте анықтауға және балаларға жан-жақты қолдау көрсетуді дамытуға бағытталған «Түрлі-түсті маршрут», «Адал бала» және «Kundelik.kz»  жобаларының әдістемелері ұсынылды.

Бағдарламаны іске асыруға Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығының сарапшылары, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының мамандары және бейінді IT-сарапшылар қатысты.

Курс қорытындысы бойынша тыңдаушылар Қазақстан Республикасында біркелкі профилактикалық тәжірибені қамтамасыз етуге және балалардың құқықтарын қорғау жүйесін нығайтуға бағытталған кәсіби біліктіліктерін арттырды.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz