Тәжірибеге бағдарланған оқыту: Академия білім алушыларының Парламент Мәжілісіне сапары

2026 жылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының докторанттары мен магистранттары Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне барды.

Іс-шара Жас ғалымдар кеңесінің бастамасымен өзара іс-қимыл туралы бұрын қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде ұйымдастырылды. Сапардың мақсаты ғылыми зерттеулердің тақырыптарын ескере отырып, тәжірибеге бағытталған дайындықты күшейту және заң шығару қызметінің тетіктерін зерделеу.

Сапар барысында білім алушылар заң жобаларын қарау рәсімдерімен, бейіндік комитеттердің жұмысымен және заңнамалық бастамаларды іске асыру тетіктерімен танысты, сондай-ақ диссертациялық жұмыстар үшін эмпирикалық материалдар жинады.

Сапар болашақ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға және заңнамалық қызметтің ерекшеліктерін түсінуді тереңдетуге ықпал етті. Олардың зерттеу бағыттары бойынша заң жобаларын талқылау кезінде Мәжіліс комитеттерінің жұмыс топтарының отырыстарына одан әрі қатысуы туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.