2026 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында тергеу барысында криптовалюталық активтерге тыйым салу мәселелеріне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға ТМД мемлекеттерінің құқық қорғау және фискалдық органдарының сарапшылары, сондай-ақ бейінді ұйымдар мен кәсіби бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Қатысушылар криптотехнологиялардың қарқынды дамуы жағдайында құқықтық реттеуді жетілдіру қажеттігін атап өтіп, тәркіленген цифрлық активтерді сақтау тетіктерін нақты айқындау және оларды іздестіру бойынша мемлекетаралық өзара іс-қимылды күшейту мәселелеріне ерекше назар аударды.
Талқылау қорытындысы бойынша тергеушілер мен прокурорларға арналған әдістемелік ұсынымдар әзірлеу басталды. Бұл ұсынымдар виртуалды активтерге тыйым салу және оларды тәркілеу саласындағы заңнамалық бастамаларды жетілдіруге негіз болмақ.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz



