Ынтымақтастықтың жаңа көкжиегі: Академия мен Қосшы қаласының Мәдениет үйі күш біріктіруде

Бүгін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы мен «Қосшы қаласының мәдениет үйі» МКҚК Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға ресми түрде қол қойды.

Құжат тараптардың мәдени-ағартушылық қызмет саласындағы бірлескен бастамаларды дамытуға, түрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыруға, сондай-ақ өз құзыреті шеңберінде тәжірибе мен ақпарат алмасуға ниетін бекітеді.

Меморандумға қол қою мәдени бастамаларды нығайтуға және өңір тұрғындарын мәдени өмірге кеңінен тартуға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Ынтымақтастық аясында мекемелер арасында білім мен озық тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру көзделген. Бұл ағартушылық бағдарламаларды, шығармашылық іс-шаралар мен білім беру жобаларын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Ортақ жобаларды іске асыру Қосшы қаласының мәдени ортасын дамытуға елеулі үлес қосып, мемлекеттік және мәдени мекемелер арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа деңгейін қалыптастыруға ықпал етеді деп күтілуде.