Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қызметкерлері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің білім алушыларымен «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының прогрессивті ережелері» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесу барысында азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін бекітетін мемлекеттің Негізгі Заңы ретінде Конституцияның маңыздылығы атап өтілді. Неғұрлым ашық және құқықтық мемлекеттік жүйені қалыптастыруға, азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтуге және билік тетіктерін жаңғыртуға бағытталған конституциялық новеллалар түсіндірілді.
«Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер» ІІ бөліміндегі ережелерге, оның ішінде әрбір қамауға алынған адамға оның бостандығы мен процессуалдық құқықтарын шектеу негіздері туралы хабардар болуын қамтамасыз ететін «Миранда ережесін» іске асыруға ерекше назар аударылады. Сондай-ақ ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру және оның моральдық-құқықтық мазмұны да сөз болды.
Ашық диалог форматында өткен жиын құқықтық мәдениетті, құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға, Қазақстан Республикасының Конституциясына деген құрметті нығайтуға ықпал етті.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz

