Заң мен тәртіп: тыңдаушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу

2026 жылғы 18 ақпанда ректордың көмекшісі С.У. Накипбековтың қатысуымен тыңдаушылар үшін құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған профилактикалық кездесу өткізілді.

Іс-шара барысында «Заң мен тәртіп» және «Адал азамат» қағидаттары түсіндірілді, бұл ретте спикер қауіпсіздік, заңнама мен құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық мәселелеріне назар аударды, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін түсіндірді, әкімшілік және қылмыстық жауаптылықтың нақты мысалдарын келтірді.

Сондай-ақ өзекті әлеуметтік мәселелер — лудомания және нашақорлық қозғалды. Қатысушылар тәуелділіктің жағымсыз салдары мен олардың алдын алу шаралары туралы хабардар болды, тақырыптық бейнероликтер көрсетілді

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz