«Заң мен тәртіп» идеологемасын іске асыру шеңберінде және Академияның құқық қорғау органдарының қызметін жариялау жөніндегі Медиа-жоспарына сәйкес 2026 жылғы 9 ақпанда Астана қаласының № 56 мектеп-лицейінде 10-сынып оқушыларымен кездесу өтті.
Кездесуде Академияның Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері С.А. Абдукадирова және Академияның Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының 1-курс магистранты Э.С. Хабиева баяндама жасады.
Кездесу барысында оқушыларға кәмелетке толмағандардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін реттейтін әкімшілік және қылмыстық заңнама нормалары түсіндірілді. Қорқыту, бұзақылық, есірткінің заңсыз айналымы, лудомания және тұрмыстық зорлық-зомбылық сияқты құқық бұзушылықтардың алдын алуға баса назар аударылды.
Сондай-ақ оқушылар сталкинг және дропперлік сияқты құқық бұзушылықтардың жаңа түрлерімен таныстырылды. Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, практикалық өмірлік жағдайларды талқылады.
Өткізілген іс-шара оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және құқықтық санасын арттыруға ықпал етті.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz
